Астанадағы «Шұбар» тұрғын үй алабы сүрілмейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институтының директоры Сәрсембек Жүнісов «Шұбар» тұрғын үй алабының сүрілетіндігі туралы ақпараттың дақпырт екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Сөз «Шұбарды» сүріп тастау жайында болып отырған жоқ. Біз «Шұбарда» мектеп салғымыз келеді. Өйткені, мектептерде бала саны тым көп. Тіпті, қарапайым мектептің құрылысына 3 гектар аумақ қажет болады. Ал біз 1 гектарды ғана арзанға сүріп тастағымыз келеді. бұл аудандағы оның құрылыс орны әлі анықталған жоқ», - деді Жүнісов ҚазАқпарат тілшісіне.

Мектепті 2019-2020 жылдары салу жоспарланған. Алайда, болашақ білім ордасының нақты қай жерде орналасатындығы белгісіз.
«Осы ауданда тұратын балалар үнемі Қабанбай батыр даңғылын кесіп өтеді. Мұндай жайт болмауы, яғни балалардың қауіпсіздігі үшін біз «Шұбарда» мектеп салғымыз келеді. Бұл мектеп қанша орынға есептеліп салынатындығы әзірше шешілген жоқ. Сөз аумақтан бір гектар жерді босату жайында болып отыр және біз барынша арзан нұсқаны іздеудеміз», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін бірақатар БАҚ-та Астана әкімдігі Шұбар ауданын сүруге рұқсат берді деген ақпарат тараған болатын. Есте болса бұл тұрғын үй алабын сүру жайындағы мәселе 20 жылға жуық уақыт ішінде бірнеше рет көтерілген еді.

Соңғы жаңалықтар