Астанадағы ШҚО-ның жәрмеңкесінде бал, ет, көкөніс сатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29-30 қыркүйекте Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz сілтеме жасап.

Қ.Мұңайтпасов көшесі бойындағы «Қазақстан» спорт кешені аумағында өтетін жәрмеңке таңғы 9.00-ден кешкі сағат 18.00-ге дейін жалғасады деп жоспарлануда. Өнімдердің бағасы Астана базарларымен салыстырғанда 15-20% төмен болады.

Шығыс жәрмеңкесіне Өскемен, Семей қалаларымен қатар 15 аудан бірдей атсалысады. Кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының жоғары сапалы, экологиялық таза өнімдерін ұсынатын 50 сауда орны ұйымдастырылмақ.

Бұл күні астаналықтар Алтайдың басты бренді - ара балын армансыз сатып ала алады. Сондай-ақ мал еті, дәнді-дақылдар, сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидектің көптеген түрі сатылымға шығарылады.

Жалпы құны 210 млн теңгені құрайтын 300 тонна ауылшаруашылық өнімі саудаланбақ.

 

Соңғы жаңалықтар