Астанадағы сенбілік: Қала аумағына 10 мыңға жуық ағаш отырғызылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана - таза және қауіпсіз қала» жалпықалалық науқаны аясында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылады, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Бұл туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов қалалық сенбілікте мәлім етті.

«Бүгін таңнан бері қаланы аралап жүрміз, барлық көшелерде, саябақтарда тұрғындар сенбілік жасап жатыр. Бұл бізді қуантады. Бүгін 150 мыңға жуық қала тұрғыны сенбілікке шығады деп жоспарлап отырмыз», - деді Қосман Айтмұхаметов.

Сонымен бірге, әкімдік өкілі қала аумағында 10 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылатынын хабарлады.

«Барлық көшеттер өзіміздің тәлімбақтан алынды. Бүгін ылғал топырақ жұмысты сәл қиындатып тұр. Ағаш отырғызғанда топырақты нығыздау керек. Дымқыл топырақты нығыздау қиынға түседі. Әйтсе де, бүгін барлық ағаштың дұрыс отырғызылғанын мұқият қадағалаймыз», - дейді Қ. Айтмұхаметов.

null null null null null null null null null null null null null null null null null 

Оның айтуынша, 12 мамырда Астанада негізгі сенбілік өтеді.

Соңғы жаңалықтар