Астанадағы «Сарыарқа» ауданында сегіз тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Сарыарқа» ауданында сегіз тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі. Барлық нысандарды ағымдағы жылы іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Қазіргі уақытта жалпы ауданы 126,3 мың шаршы метрді құрайтын сегіз тұрғын үй кешенінің құрылысы жүріп жатыр», - деп мәлімдеді аудан әкімі Арман Тұрлыбек халық алдындағы есептік баяндамасында.

Атап айтқанда, Кенесары көшесі мен Сарыарқа даңғылының қиылысындағы жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені (МТЖ); Кенесары көшесі мен Т.Шевченко көшесінің қиылысындағы жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар МТЖ; Тілендиев даңғылы мен Қайнар көшесінің қиылысындағы жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар МТЖ; жапсарлас үй-жайлары және Дәулеткерей көшесі бойындағы паркингі бар МТЖ; Сарыбұлақ көшесі мен Московская көшесінің қиылысындағы жапсарлас «Сайран» бірлестігі» ЖШС»; Павлов көшесі мен Ш.Уәлиханов көшесі бойынша «Гарант» ТА; Карталинская көшесі бойынша «Пана» ТК.

Барлық нысандарды іске қосу 2019 жылға жоспарланған.

2018 жылы ауданда жалпы ауданы 64386,6 шаршы метр 11 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Пәтерлер саны - 693. Аумағы 180008,6 шаршы метр әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық сипаттағы 54 нысан.

Соңғы жаңалықтар