Астанадағы Республика даңғылында үш күн көлік қозғалыс ішінара шектеледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 19-21 шілде күндері Республика даңғылындағы қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Республика даңғылы бойында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты, 19-21 шілде аралығында Республика даңғылы бойында Бөгенбай батыр даңғылы мен А. Иманов көшесіне дейінгі учаскеде ішінара көлік қозғалысы жабылатын болады. Сондай-ақ, сағат 09:00-ден бастап Республика даңғылы - Ә. Жәнгелдин көшесі, Республика даңғылы - С. Сейфуллин көшелерінің қиылысында, 18:00-ден бастап - Республика даңғылы - Абай даңғылы, 21:00-ден бастап - Республика даңғылы - Кенесары көшелерінің қиылысында өту жолдарындағы автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлау қажет.

Жөндеу жұмыстарының аяқталуының қысқа мерзіміне байланысты, аталған учаскедегі жұмыс күндіз-түні) жүргізілетін болады.


Соңғы жаңалықтар