Астанадағы өрттің жартысына жуығы тұрғын үй секторына тиесілі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымы қарсаңында өрттің алдын алу бойынша брифинг өткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  

Ағымдағы жылдың 8 айында Астана қаласы бойынша 401 өрт тіркелген, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15%-ға төмендеген. Өрттен 8 адам (2017 ж - 10 адам) қайтыс болған, оның ішінде 1-і бала. Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары М.Қайсановтың айтуынша, өрттің басым көпшілігі жеке тұрғын үй секторларында орын алады. Атап айтқанда, осы жылдың 8 айында 187 оқиға (өрттің жалпы санынан 47%) тіркелген. Оның 65%-ы жер үйлерде болып отыр. Жылыту маусымы басталысымен, жеке тұрғын үйлерде өрттің көбеюі және иіс тию оқиғалары арта түседі. Осы жылдың 8 айында 27 адам иіс тиіп уланған, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 48% төмендеген (2017ж - 52 адам уланған). Олардың 22 жағдайында өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмаған, 4-еуі пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан, ал 1 оқиға өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық себебінен болған.

Улы газбен уланудың барлық фактілері азаматтардың жылыту қондырғыларына немқұрайлы қарауына байланысты.  Сонымен бірге үйлер мен пәтерлерді жылыту үшін көбінесе қолдан жасалған жылытқыштары қолданған, ол өз кезегінде баспанаға ғана емес адам өміріне де қауіп төндіреді. «Жыл сайын күзде күн суытысымен және жылыту маусымы басталмас бұрын өрт қауіпсіздік айлығы жүргізіледі, рейд шеңберінде департамент қызметкерлері аулаларды аралап үгіт-профилактикалық жұмыстарды күшейтеді. Жыл басынан бері 18370 тұрғын сектордағы үйлерді аралау жұмыстары жүргізілді. Тұрғындармен 198 кездесу өткізілді, осы шарада 5419 адам қамтылды, сонымен қатар 256 нұсқаулықтар жүргізілді. 12414 адамның қатысуымен 422 дәрістер  өткізілді», - деді Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бастығы Қ.Нұрғазинов. Т

Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтау мақсатында келесідей өртке қарсы іс-шараларды орындау қажет: Үй ауласындағы аумақтарды  таза ұстау, қоқыстар мен қалдықтарды жақпау, шоқ пен күлді құрылысқа жақын төкпеу керек. Сондай-ақ ақауы бар немесе қолдан жасалған электр жабдықтарын пайдаланбау, қосулы тұрған электр жабдықтарын қараусыз қалдырмау, жас балаларға  жанып жатқан пешті қарауды тапсырмау қажет.

Соңғы жаңалықтар