Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 23 °С
Алматы: 17 °С
USD 341.18 EUR 392.97
RUB 5.34 CNY 52.50
Жаңалықтар

Астанадағы өрттен ана мен бала қаза болды

2018 жылғы 13 наурыз 14:55 1065
Бөлісіңіз:
Астанадағы өрттен ана мен бала қаза болды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Астанадағы үш қабатты коттеджден шыққан өрттен ана мен бала қаза болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда Volkswagen Transporter көлігі өртенді Рудный қаласының төңірегінде жол бойындағы дәмханадан өрт шықты

«Өрттен 1994 жылы туған қыз зардап шекті, оның жамбасы сынып, №1 ауруханаға жатқызылды. Оқиға орынынан ана мен баланың мәйіті табылды. Өрттің шығу себептері анықталу үстінде»,-деп хабарлайды Астана қаласы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге техникалық қызмет көрсету стансасы ішінде тұрған Nissan Patrol, маркалы автомобиль де жанып кетті.

Осыған дейін Оңтүстік-Шығыс ауданындағы Сырымбет 30 мекенжайында ТҚС өртеніп жатқаны туралы айтылған. Коттедждің 1 қабаты ТҚС болса, екінші қабаты шаруашылық бөлмелері, үшінші қабат тұрғын үй ретінде жабдықталған. Тілсіз жаудың жалыны жақын маңдағы ғимараты да шарпып өтті. Өрт тиген екі ғимараттың бүлінген аумағы 500 -ге жуық шаршы метрді құрады.

 

 


Басты сөздер: Астана, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат