Астанадағы өрт бес баланың өмірін қиып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы өрт кезінде бес бала мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Астана қалалық ТЖД «101» пультіне сағат 02:34-те Сарыарқа ауданындағы «Көктал» тұрғын алабы, Шыңғыстау көшесі, 5 мекенжайында орналасқан шаруашылық құрылысының өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.

30 шаршы метр аумақты шарпыған жалын салдарынан 25 шаршы метрлік төбесі опырыла құлаған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бөлімшесі тілсіз жауды 03:06-да ауыздықтап, 03:24-те толықтай сөндірді.

Өрт орнынан 2006, 2008, 2014, 2016 және 2018 жылдары туған бес баланың мәйіті табылды. Олардың әке-шешесі жұмыста болған.
Өрт сөндіруге Астана ТЖД-нің 17 адамы мен 5 техникасы, сондай-ақ ТЖК Орталық аймақтық аэромобильдік жедел-құтқару жасағының 4 адамы мен 1 техникасы тартылды.

null

Соңғы жаңалықтар