Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 23 °С
Алматы: 15 °С
USD 328.95 EUR 386.38
RUB 5.27 CNY 51.50
Жаңалықтар

Астанадағы өрт: Балалар зардап шеккен жоқ

2018 жылғы 15 ақпан 13:43 1098
Бөлісіңіз:
Астанадағы өрт: Балалар зардап шеккен жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық білім басқармасы балалар үйінде шыққан өртке қатысты тың деректермен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бакудегі дәмханада жарылған газ баллоны екі адамның өмірін қиды Павлодарда алты жасар бала көлік астына түсті

Басқарма мәліметінше, балалар үйінде 89 тәрбиеленуші бар. олар 6 коттеджде тұрады.

«Өрт шыққан кезде 10 бала әкімшілік ғимараттағы үйірмеде болған және олар бірден қауіпсіз жерге шығарылды. Балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Ал қалған балалар мектепте сабақта болған», - дейді басқармадағылар.

Бұған дейін елордадағы №1 балалар үйінен өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Өрт сағат 12:43-те сөндірілді. Шамамен 30 шаршы метр жерді шарпыған жалынды сөндіруге Астана өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 40 қызметкері және 8 техникасы жұмылдырылды.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат