Астанадағы «Оңтүстік-Шығыс» ауданы алдағы 10 жылда сүрілмейді – әкім орынбасары

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының бас жоспарында «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алабындағы үйлерді бұзу қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оңтүстік-Шығыстың» аумағы үлкен, онда ресми түрде 120 мыңға жуық халық тұрады. Аймақта осынша халқы бар елдімекен үлкен аудан немесе тіпті қала саналар еді. Кем дегенде таяудағы 10 жылда «Оңтүстік-Шығысты» бұзу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Иә, бас жоспарда бұзу қарастырылған, Шұбар ықшамауданы бойынша да осындай жағдай туындап тұр. Біріншіден, бұл - қымбат, екіншіден, қаланы дамытуға жер жеткілікті, бос жер телімдері бар, резерв бар, сондықтан бұл мәселе дәл қазір күйіп тұрған жоқ», - деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының елордалық филиалында өткен бизнес өкілдерімен кездесуде.

«ҚазАқпарат» агенттігінің ресми сауалына жауап ретінде берілген бас жоспардың деректеріне сәйкес, қаланың әртүрлі бөліктеріндегі басқа да жеке үйлер бұзылуға жатады.

Заречный кентінде 2025 жылға дейін 30,7 га және 2035 жылға дейін 18,5 га аумақта үйлерді бұзу қарастырылған.

Сондай-ақ, саяжайларды Көктал саябағына қарай, 189 көшеден төмен – 67,3 жылдан 25 жылға дейін, 189 көшеден жоғары - 63,4 га 2025 жылға дейін бұзу жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар