Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 429.83
RUB 5.96 CNY 55.39
Jańalyqtar

Астанадағы Оқушылар сарайының алдына ерекше өрт сөндіру көлігі «келіп тоқтады»

2018 жылғы 28 желтоқсан 10:30 36144
Бөлісіңіз:
Астанадағы Оқушылар сарайының алдына ерекше өрт сөндіру көлігі «келіп тоқтады»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық өрт сөндірушілер балалар мен ата-аналарды тілсіз жаудан сақтандырудың өзгеше әдісін іске асырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көлік бақылау инспекциялары қызметкерлерінің саны көбеймейді - Жеңіс Қасымбек Әлемдегі ең үлкен ұшақ 400 млн долларға сатуға қойылды

Астана қаласы Алматы аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері өртке қарсы насихат жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр.
Елордалық өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігін сақтау шараларының насихаттау үшін бұл жолы тыңға түрен салған. Нақтырақ айтқанда, ТЖБ қызметкерлері Оқушылар сарайы аумағына мұздан ойып отырып, өрт сөндіру көлігін тұрғызыпты. Мұздан жасалған көлікте өрт сөндіру қызметінің 101 нөмірі де жазылған.
«Аталған конструкция ата-аналар мен балалардың өрт қауіпсіздігіне баса назар аудару үшін жасалған. Күнделікті жұмысында өрт сөндірушілердің ең алдымен тілсіз жаудан көпті ескертіп, сақтандырып жүргені абзал», - делінген қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің Фейсбуктегі хабарламасында.
Астанадағы Оқушылар сарайының алдына ерекше өрт сөндіру көлігі «келіп тоқтады» 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT