Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында көлікке қатысты құжаттарды рәсімдеуге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» вокзал кешенінде Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметі бойынша, мемлекеттік қызметті көрсету орталығы биыл күзде ашылады.

Айта кетерлігі, мамандандырылған ХҚКО-да автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін алуға қатысты барлық мемлекеттік қызметтер бір мезетте беріледі.

Соңғы жаңалықтар