Астанадағы мешітке Әбсаттар қажының есімі беріледі

2022 жылғы 3 желтоқсан, 12:13
Астанадағы мешітке Әбсаттар қажының есімі беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы жаңа мешітке Әбсаттар қажы Дербісәлінің есімі берілетін болды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі прақшасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, академик, дипломат Әбсаттар қажы Дербісәлінің 75 жылдығы мен мемлекеттік, қоғамдық және діни қызметінің 50 жылдығына арналған «Шығыстану және руханият мәселелері» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.

«Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің есімін республикамыздағы жаңа мешіттің біріне беру жөнінде Төралқа мәжілісінде арнайы қаулы қабылдайтынын жеткіземін. Бұл ұстазымыздың есімін ардақтау жолындағы игі қадамның бірі болмақ», - деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылғанын жазған болатынбыз.

Фото: muftyat.kz


Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar