Астанадағы меморган қызметкерлерінің 80%-ы қашықтан жұмысқа көшіріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ы қашықтан жұмыс түріне көшіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа ереже Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова жаңа қаулысында жазылған.

«Өндірістік қажеттілікке байланысты, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ын қашықтан жұмыс түріне көшіру. Қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызмет қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды ескерусіз жүзеге асырылады», - деп қаулыда.

Бұл ретте соңғы 3-6 ай ішінде COVID-19 -ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтанда 27 маусымнан карантин күшейтілмек.


Соңғы жаңалықтар