Астанадағы қысқы Арбатта америкалық топ ән салады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғындары мен қала қонақтары Арбатта америкалық топтың өнерін тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«The Astana Bluegrass Survivors" тобының өнерін тамашалауға жексенбі күні 15:00-де Арбатқа келіңіздер. Астанада бас қосқан америкалық өнерпаздардың музыкасы ковбой киноларын еске түсіріп, тыңдаушының көңілін көтереді.», - деп жазды елорадының «Сарыарқа» ауданының әкімі Арман Тұрлыбек Фейсбуктегі парақшасында.

Сондай-ақ, ол қысқы павильонда өтетін музыкалық шараға кіру тегін екенін де атап өтті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада қысқы Арбат 12.00 мен 20.00 аралығында жұмыс істейді. Астана тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы үшін қыс мезгілінде жылытылатын заманауи модульді пунктер орнатылған. Онда қазақстандық қолөнершілер мен қолданбалы өнер шеберлерінің туындылары қойылады.

Соңғы жаңалықтар