Астанадағы Қырқыншы стансада пойыздарды күту пункті ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырқыншы стансада «Астана - Қарағанды», «Ерейментау - Көкшетау» электр пойыздарын, №328 жолаушы пойызын күту  пункті жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін жолаушылар пойызды ашық аспан астында немесе станса әкімшілігінің ғимаратында күтетін. Пункте ыңғайлы орындықтар орнатылып, дауыс зорайтқыш жұмыс істеп тұр.

«Біз пункті өз күшімізбен жабдықтадық. Ғимаратымыздың бірінші қабатында тауарлық кассирлер мен жүк жөнелтушілер жұмыс істейді. Осы жерде өз пойыздарын күткен жолаушылар мен жүгін жөнелтуге құжаттар рәсімдеп жүрген клиенттер болған кезде бұл процесс күрделене түскен еді. Сондықтан да біз осындай шағын күту залын аштық», - дейді станса басшысы Дастан Онбеспаев.

«Бұл өте ыңғайлы. Пойызға, әдеттегідей, 20-30 минут ерте келесің. Енді кез келген қолайсыз ауа райында осында күтуге болады. Адамдарға мұндай қамқорлық танытқан біздің теміржолшыларға рахмет», - деп ағынан жарылды жолаушы Қуат Майкенов.

Соңғы жаңалықтар