Астанадағы көлік жөндеу орталығында өрт шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республика даңғылының бойындағы көлік жөндеу орталығында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«25 сәуірде 13:46-да Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «101» пультіне Республика даңғылының бойындағы «Gt-Motors» көлік жөндеу орталығында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт 150 шаршы метр аумақты шарпыған, ғимарат шатырының ағашы мен жылу оқшаулағысы жанған», - делінген хабарламада.

Өрт 14:19-да ауыздықталып, 14:37-де сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Өртті сөндіруге қалалық ТЖД-ның 4 техникасы мен жеке құрамның 21 қызметкері жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар