Астанадағы көкөніс қоймасында болған өртке байланысты Ішкі істер министрлігі қылмыстық іс қозғады

None
None
АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Астанадағы көкөніс қоймасында болған өртке байланысты Ішкі істер министрлігі қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Үкімет отырысында мәлім болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың айтуынша, өрт салдарынан барлығы 14 адам қаза болды. Оның төртеуі - Ресей азаматтары. Адамдардың қаза болуына өрт кезіндегі улы газ бен хмиялық элементтердің түтінінен уланулар  себеп болған. 

Министрдің сөзіне қарағанда жаңадан салынып жатқан көкөніс қоймасындағы өрттің ауданы 8 мың шаршы метрді құрады. Ал нысанның жалпы ауданы 10 мың шаршы метр. Қаза болғандар Степногордан, Ақмола және Жамбыл облыстарынан  келгендер. «Қазіргі кезде аталған оқиғаға байланысты олардың тұрғылықты жерлерін анықтап, туған-туысқандарына хабардар ету шаралары жүргізіліп жатыр», деді В. Божко.

Үкімет отырысында мәлім болғанындай, аталған нысан индустриялдық паркте салынып жатқан. Оның жалпы құны 1 млрд. 200 млн. теңге. Оның 900 млн. теңгесі игерілген.

Соңғы жаңалықтар