Астанадағы «Қазақстан» спорт кешені өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өрт болды. Соның салдарынан Атыраудан келген «Бейбарыс» хоккей клубының формасы түгелдей жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 7:15-де «Қазақстан» спорт кешенінде өрт тұтанды.

«Үш қабатты ғимараттың бірінше қабатында жиһаздар жанды. Өрттің жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер және құрбан болғандар жоқ. Алдын ала мәліметке сәйкес, өрт электр сымдардың тұйықталуынан шыққан. 27 минуттың ішінде жалынды толығымен сөндірдік», - деді комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Айта кетейік, комментатор Александр Олейник Твиттердегі аккаунтында өртте Атыраудан келген «Бейбарыс» хоккей клубының барлық формасы жанып кеткенін жазды. Аталған команда 2 қыркүйекте «Ертіс» хоккей клубына қарсы ойнау үшін келген.

nullnull 

Соңғы жаңалықтар