Астанадағы кастрация оқиғасы: Күдікті әйел сот алдында жауап береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының прокуратурасы сүйіктісін кастрациялауға тырысты деп айыпталған әйел ісін сотқа жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталған қылмыстық істің сот өндірісінде жатқанын хабарлаймыз», - деп жауап берді прокуратура агенттіктің жазбаша сауалына.

Бұған дейін Астана қаласының ішкі істер депаратменті ер адамның тәніне зақым келтіру бойынша атышулы істі қалалық прокуратура қарайтынын мәлімдеген еді. 

Еске сала кетсек, қаңтар айында 36 жастағы келіншек сүйіктісін жыныстық мүшесінен айырғысы келген болатын. Кейінірек қансыраған жанды өз көлігімен ауруханаға алып баруға мәжбүр болған.

Сонымен қатар, желі мен мессенджерлерде Астана қаласы Есіл аудандық №2 сотының 2018 жылғы 24 қаңтардағы қаулысы ретінде сипатталған құжаттың фотосы таралды. 

Соңғы жаңалықтар