USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Астанадағы кәсіпқой бокс кеші: Жанқош Тұраров «Батыл жүрекпен» кездеседі

2021 жылғы 1 желтоқсан 00:14
Бөлісіңіз:
Астанадағы кәсіпқой бокс кеші: Жанқош Тұраров «Батыл жүрекпен» кездеседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде профирингте жеңіліп көрмеген қазақстандық спортшы Жанқош Тұраров (24-0, 17КО) өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шаңғымен тұғырдан секіруден Бейжің олимпиадасына кімдер қатысады Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшының WBC титулы үшін кіммен айқасатыны белгілі болды Бүгін футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты жалауын көтереді

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, оның оппоненті «Батыл жүрек» лақап атымен танымал, 39 жастағы мысырлық Абдумонем Саид (22-1-1, 11КО) болады.

Ж.Тұраров үшін бұл 2019 жылдан бергі алғашқы жекпе-жек болады. Ол кезде боксшымыз Аргентина өкілі Мауро Максимильяно Годояны (35-7-1, 17КО) үшінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

А.Саид болса бұған дейінгі айқасын 2020 жылдың соңында өз елінде өткізген еді. Каирде ол өз отандасы Валид Тавфикті дисквалификациямен жеңіп, бірінші жартылай орта салмақтағы ұлттық чемпион титулын жеңіп алды.⠀



Еске салайық, 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кәсіпқой бокс кеші өтеді.

Кештің басты айқасы жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов (10-0, 6КО) пен мексикалық Данте Хардон (41-7, 25 КО) арасында белгіленді. Елеусінов бірден екі титул: IBF Inter-Continental нұсқасы бойынша әлем чемпионы және IBO титулы үшін қолғап түйістіретіні айтылған еді. Алайда, кеше Д. Хардон қолын сындырып алғаны және оған дәрігерлер рингке шығуға тыйым салып отырғаны мәлім болды.

Сондай-ақ кеш аясында ауыр салмақтағы боксшымыз Иван Дычко (10-0, 10 КО) ресейлік Александр Устиновқа (36-5-1, 27 КО) қарсы шығады.

Бұдан бөлек, Данияр Елеусіновтің інісі Дәурен Елеусінов (8-1-1, 7 КО), Айдар Шәрібаев (8-1, 7КО), Дәулет Дәукенов (9-2, 4КО) өнер көрсететіні жоспарланған.

Профибокс кеші «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.







Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT