Астанадағы кәсіпқой бокс кеші: Қазақстандықтар жеңіспен бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні мерекесі күніне орай Астанадағы өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде қазақстандықтар жарысты жеңіспен бастады,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Шаршы алаңға бірінші болып шыққан 66 келі салмақтағы Асхат Уәлиханов украиналық боксшы Ярослав Юровпен жұдырықтасып, 6 раундтық жайқастың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан  қазақстандық Уәлихановты жеңімпаз деп тапты.

Айталық, Асхат Уәлиханов осыған дейін  бес рет жекпе-жек өткізіп, біреуінде ғана сүрінген еді. Міне, бүгін бесінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал оның қарсыласы Ярослав Юров кәсіпқой рингке екі рет шығып, екі кездесуінде де басым түскен. Алайда, бүгін қазақ боксшысынан ұпай айырмасымен алғашқы жеңілісіне ұшырады.
null 

Еске сала кетейік, кәсіби бокс кеші Qazaq Promoutions промоутерлік компаниясының бастамасымен Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатыр.


Фото: Мұхтар Қалимолла

Соңғы жаңалықтар