Астанадағы кәсіпқой бокс кеші: Данияр Елеусінов чемпиондық титулға таласады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда кештің басты оқиғасы жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусіновтің (10-0, 6КО) және ауыр салмақтағы Иван Дычконың (10-0, 10 КО) жекпе-жектері болмақ.

Олимпиада чемпионы Д.Елеусінов бірден екі титул: IBF Inter-Continental нұсқасы бойынша әлем чемпионы және IBO титулы үшін қолғап түйістіреді.
«18 желтоқсан. Нұр-Сұлтандағы бокс кеші. Тәуелсіздік күні. Жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін басты айқас. Өткізіп алмаңыздар!», - деп жазды Данияр Іnstagram-дағы парақшасында кеш туралы видео-анонс жариялай отырып.

Елеусінов пен Дычконың қарсыластары әзірге аталған жоқ.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында ұсынылған мәліметке сүйенсек, бұл күні рингке Данияр Елеусіновтің інісі Дәурен Елеусінов (8-1-1, 7 КО) шығады. Оның қарсыласы - 13 айқасында жеңіске жетіп, 4-еуінде жығылған әзербайжандық Әли Маммадов.

Профибокс кеші «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.



Соңғы жаңалықтар