USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Астанадағы кәсіпқой бокс: Данияр Елеусіновтің қарсыласы рингке шықпайтын болды

2021 жылғы 30 қараша 03:19
Бөлісіңіз:
Астанадағы кәсіпқой бокс: Данияр Елеусіновтің қарсыласы рингке шықпайтын болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мексикалық Данте Хардон (41-7, 25 КО) IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновпен (10-0, 6 КО) жекпе-жек өткізбейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда 45 мың баланы спорт секцияларына тегін жіберу үшін 1,7 млрд теңге бөлінді Шаңғымен тұғырдан секіруден Бейжің олимпиадасына кімдер қатысады Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшының WBC титулы үшін кіммен айқасатыны белгілі болды

Оның себебі – Хардонның жарақаты. Ол қолын сындырып алды. Дәрігерлер оған рингке шығуға тыйым салып отыр, деп жазады Sports.kz.

Айта кетейік, Елеусінов – Хардон кездесуі 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кәсіпқой бокс кешінде өтуі тиіс болатын. Данияр Елеусінов бірден екі титул: IBF Inter-Continental нұсқасы бойынша әлем чемпионы және IBO титулы үшін қолғап түйістіретіні жазылған болатын.

Кеш аясында, сондай-ақ ауыр салмақтағы боксшымыз Иван Дычко (10-0, 10 КО) ресейлік Александр Устиновқа (36-5-1, 27 КО) қарсы шығады.

Бұдан бөлек, Данияр Елеусіновтің інісі Дәурен Елеусінов (8-1-1, 7 КО), Айдар Шәрібаев (8-1, 7КО), Дәулет Дәукенов (9-2, 4КО) өнер көрсететіні жоспарланған.

Профибокс кеші «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT