Астанадағы Қанат Исламның айқасына канадалық жанкүйерлер 2 мың билет сұратқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында елордада 9 қыркүйек күні өтетін Қанат Ислам мен Брэндон Куктың айқасы канадалық жанкүйерлерсіз өтпейді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бізге Брэндон Куктың өкілдері кәсіпқой бокс кешіне билеттердің онлайн-сатылымын ұйымдастыруды сұрап, хабарласты. Канадалық тарап 2 000 билет сұрады. Олар Астанада өтетін бокс кешіне спорт жанкүйерлері мен әуесқойлары арасында қызығушылықтың жоғары екендігіне сендіруде», - деп айтты Қазақстандағы Nelson promoutions өкілі Нұрғазы Исмағамбетов.

Ол Мәдениет және спорт министрлігі, Астана әкімдігі, «Самұрық-Қазына», сондай-ақ «Астана-ЭКСПО-2017» ҰК-ның демеушілігімен іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылатынын атап өтті.

«Қазірдің өзінде осындай ауқымды бокс шарасына дайындық жұмыстары жүргізілуде.  Ислам мен Кук арасындағы басты жекпе-жектен бөлек, қазақстандық және шетелдік жанкүйерлер Жанқош Тұраров, Мейірім Нұрсұлтанов, Әли Ахмедов, Жәнібек Әлімханұлы, Руслан Мырсатаев, Нұрсұлтан Жанайбаев, Айдос Ербосынұлы және Димаш Ниязов сияқты танымал былғары қолғап шеберлерінің тамаша боксын тамашалай алады», - деп атап өтті Исмағамбетов.

Еске салайық, 9 қыркүйек күні елордалық «Сарыарқа» велотрегінде кәсіпқой бокс кеші өтеді. Басты жекпе-жекте Қанат Ислам канадалық Брэндон Кукпен жекпе-жекте өз титулдарын қорғайды. 

Соңғы жаңалықтар