Астанадағы Қабанбай батыр даңғылы ішінара жабылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылында жол төсемінің орташа жөндеу жұмыстары басталғанын еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты, 29 сәуір мен 2 мамыр аралығында Қорғалжын тасжолынан Сарайшық көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Басқарма қала тұрғындарын жөндеу жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауға шақырды.

City Transportation Systems компаниясының хабарлауынша, №№ 1 А, 18, 21, 28, 37, 45, 52, 70 автобус бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерген.


Соңғы жаңалықтар