Астанадағы IRONMAN жарысы ТМД бойынша алғаш рет ұйымдастырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - IRONMAN 70.3 Astana жарысына 40-қа жуық елдің спортшылары келуі керек, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан триатлон федерациясының вице-президенті Айдын Раxымбаевтың айтуынша, Астанадағы жарысқа 39 елдің спортшылары келеді деген жоспар бар.

«IRONMAN 70.3 Astana-ға кез келген адам қатыса алады. Кәсіби спортшы болсын, әуесқой болсын, әйелдер де, еркектер де, барлығы бірдей өз күштерін сынай алады. Жарысты өткізу кезінде барлық xалықаралық талаптар сақталып, спортшыларға да, жанкүйерлерге де қажетті жағдай жасалады. Осыған байланысты жарыстың маршруты, қонақтарға арналған ойын-сауық бағдарламасы және тағы басқа мәселелер ескеріледі. Жарысты ұйымдастыру шараларына 500 ерікті тартылады. Олардың барлығы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі кезінде біраз тәжрибе жинады», - дейді А.Раxымбаев.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде бір мыңнан астам қатысушы тіркеліп үлгерді. Олардың тең жартысы - қазақстандықтар. Ал Астанадағы бірнеше қонақ үй IRONMAN 70.3 Astana қатысушыларына арнайы бағаларды ұсынуға дайын. Барлық отельдер қызмет көрсету сапасы мен жарыс орындарына жақын орналасуына қарай іріктелді.

Айта кетейік, IRONMAN 70.3 Astana маусым айында өтеді. Жарыс үш кезеңнен тұрады. Олар - жүзу (1,9 шақырым), веложарыс (90 шақырым) және жүгіру (21,1 шақырым). Осылайша, жарыстың жалпы ұзақтығы 113 шақырымды құрайды.

Соңғы жаңалықтар