Астанадағы Хайвил кешенінің 6-қабаттынан түтін шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Highvill тұрғын үй кешенінде кондиционер қысқа тұйықталып, түтіндеген.

«25 шілдеде сағат 21:30-да «Highvill» ТК-ның 24-қабатты тұрғын үйінде 6-қабатта кондиционер қысқа тұйықталды, алайда құрылғы өртенбеді. Тұйықталуға бастапқы болжам бойынша кондиционердің қызып кетуі себеп болған. Кондиционер лоджияға орнатылған», - деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Эвакуациялаудың қажеттілігі болмады. Оқиға орнына 5 техника және астаналық өрт сөндіру құрамының 23 қызметкері барды.  

Соңғы жаңалықтар