Астанадағы халықаралық әуежай терминалының төбесінен су ағып тұр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы халықаралық әуежай терминал төбесінен су кету себебін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Нысан 2017 жылы пайдалануға берілген. Шартқа сәйкес мердігер орындалған жұмыстардың сапасына және 10 жыл мерзімге тірек пен қоршау конструкцияларына кепілдік берді. Алайда, әуежай қызметтері мезгіл-мезгіл ғимарат төбесінен су кету проблемалары анықталды. Осыған байланысты әуежай техникалық тексерулер жүргізді. Нәтижесінде Т-1 терминалының шатырының құрамы бекітілген жобаға сәйкес келмейтіні анықталды. Бұл факт шатырды ашып, тексеру нәтижесінде анықталды», - делінген хабарламада.
Әуежай Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына осы аталған мәселе бойынша арыз берген.
Соңғы жаңалықтар