Астанадағы газ баллонын жармақ болған жігіттің талабы тыңдалуда - ҚР ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазмедиа орталығының» алдында «газ баллонын жарамын» деп қорқытқан жігіттің әрекеті - қоғамдық тәртіпті бұзу болып табылады. Астанадағы тосын оқиғаға қатысты ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полиция қызметкерлері барлық сақтық шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта ер адамның барлық талаптары тыңдалуда. Толығырақ ақпарат мән-жай анықталғаннан кейін белгілі болады. Қазіргі уақытта ер адамның іс-әрекеті - қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде бағаланып отыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін ер адамды Есіл ауданының полиция басқармасына алып кетті», - дейді Нұрділдә Ораз.

Қазіргі уақытта оқиға болған жерде полиция және өзге де жедел қызметтердің қызметкерлері жүр. Жағдай бақылауда.

Нұрділдә Ораз айтып өткендей, біршама уақыттан кейін ведомство ер адамның нені талап еткені туралы толығырақ ақпарат тарататын болады.

Айта кетсек, бұған дейін «Қазмедиа орталығының» алдында газ балонын жармақ болған жігіт ұсталған еді.

Соңғы жаңалықтар