Астанадағы Есілдің сол жағалауында орналасқан үйдің ең жоғарғы қабаты жанып жатыр

None
None
анның 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астанадағы Есілдің сол жағалауында орналасқан, яғни 19-ші көшенің оңтүстік жағында жаңадан салынып жатқан "Каспиан Палас" тұрғын үй кешенінің ең жоғарғы 10-шы қабатын өрт шарпып, жанып жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта қаланың өрт сөндіру қызметкерлері аталған нысанның өрт шарпыған ауданын сөндіріп жатыр. Мұнда 10-нан астам арнайы мамандандырылған өрт сөндіру техникалары тартылды.

Айта кетейік, аталған құрылыс нысанының бас мердігері  «Caspian Serviсе Kazakhstan» ЖШС-і. Нысанның құрылысын «Самұрық- Қазына»  жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы қаржыландырып жатыр.

Өрттің басталуы туралы хабар 11.40-та түскен.

Соңғы жаңалықтар