Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Астанадағы Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің суы санитария талаптарына сай емес - комитет

2022 жылғы 7 маусым 16:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының су айдындарында судың сапасы мен қауіпсіздігі тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, жаздың бірінші күнінде шомылу маусымы ресми түрде ашылады және ол қыркүйек айына дейін жалғасады.

Дегенмен суға түспес бұрын ол жер шомылуға қауіпсіз екенін анықтап алған дұрыс.

Жағажайдың түбін алдын ала тексеріп, сондай-ақ төтенше жағдайда көмекке келетін адам табылатынына көз жеткізіп барып шомылу керек. Отбасының қауіпсіздігі үшін арнайы шомылу орындарында демалған дұрыс.

«Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жазғы кезеңде қала шегінде орналасқан, оның ішінде шомылуға және демалуға арналған орын ретінде пайдаланылатын ашық су қоймалары суының сапасына мониторинг жүргізді. Зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінен және Нұра-Есіл каналынан алынған бүкіл су сынамасында санитариялық-химиялық көрсеткіш бойынша сәйкессіздіктер анықталды. Атап айтқанда түсі бойынша - 2,71 есе, темір мөлшері бойынша - 2,3 есе және оттегін химиялық тұтыну бойынша - 1,87 есе нормадан асып кетті» деп мәлім етті комитеттен.

Шомылудан кейін жағымсыз салдардың алдын алу үшін қарапайым жеке гигиена ережелерін сақтау керек, яғни мүмкіндігінше тезірек гигиеналық душ қабылдап, ешқандай жағдайда су қоймаларынан су ішпеу керек.

Белгіленбеген жерде шомылу өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндіреді.

«Белгілі бір жерде шомылып, демалу үшін су айдындарындағы судың сапасын өндірістік зертханалық бақылауды қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстар жүргізілген аймақтарды ғана таңдаңыз. Бұл сізге денсаулығыңыз үшін еш уайымдамай, толыққанды, сапалы демалуға кепілдік береді. Сондай-ақ, су қоймасында шомылуға тыйым салатын арнайы ақпараттық белгілерге жіті назар аудару қажет» деп ескертед ведомство.

Новости по теме