Астанадағы энергетикалық форумға Кореядан 18 компания келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан мен Корея Республикасы кәсіпкерлерінің бірлескен энергетикалық форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аталған жиынға Кореядан энергетика саласындағы 18 компания келіп, жобасын ұсынуда. Шетелдік компания басшылары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі «жасыл технология» тақырыбы таңдалып отырғанына қызыққандарын жасырмайды. Корея Республикасы қазіргі уақытта дәстүрлі қуат көздерінен бас тартып, жалпы энергетиканың 40-50 процентін жел мен күн электр станциялары арқылы өндіреді. Серіктестерді табуды көздеген олар Қазақстанға «ұсыныстарымыз бар» дейді.

null 

«Бүгінгі күні Қазақстанға Кореядан 18 компания өз технологияларын ұсыну үшін келді. Қазір сұрақтар шешіліп жатыр. Бүгінгі таңда Корея Республикасында жалпы энергетиканың 40-50 проценті жасыл технологиялар арқылы өндіріледі. Бұл жетістікке Корея 15-20 жылда жетті. Елімізде 9 АЭС бар. Биыл біреуі жабылды. Корея елі күн мен жел электр станцияларын салу арқылы дәстүрлі қуат көздерін ығыстырып келеді», - дейді Корея Республикасының коммерциялық елшілігі басшысының орынбасары Ким Ха Ёнг.

null 

Кореяден келген «KEPKO» компаниясының директоры Хван Кван Судың айтуынша, 18 компанияның өкілдері форуммен бірге ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалау үшін де арнайы келген. Таза қуат көздерін өндіру бойынша әлемде үш мәрте бірінші орын алған Кореядағы үкіметтік компанияның басшысы әлемнің 21 елімен серіктесе жұмыс жүргізіп жатқанын айтады.

«Біздің компания бүкіл Кореяны электрмен қамтамасыз етеді. Кәдеге жарату бағытында да компанияның жұмысы қарқынды. Екі жақты серіктестікті нығайтуға күш салғымыз келеді», - дейді Хван Кван Су.

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар