Астанадағы Дөңгелек алаң «Достастық інжулері» туристік тізіміне енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясы Туризм жылы аясында Достастық елдеріндегі ең маңызды әрі көрікті жерлердің тізімін жариялады.

ТМД ПАА баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Достастық інжулері» тізіміне Бакудегі теңіз жағалауы желегі (Әзірбайжан), Хор Вирап монастрі (Армения), Брест қорғаны (Беларусь), Астанадағы Дөңгелек алаң (Қазақстан), Ыстықкөл көлі (Қырғызстан), Ескі Орхей қорығы (Молдова), Петергоф сарай-саябақ ансамблі мен Сочи қаласы (Ресей), Фан таулары (Тәжікстан), Ашхабад (Түркіменстан) және Самарқандағы Гур-Әмір (Өзбекстан) кірген.

Хабарламада айтылғандай, аталмыш тізім Достастық елдеріндегі көрікті жерлерге туристерді көптеп тарту және елден-елге сапар шегушілермен алмасуды жандандыру мақсатында жасалған.

Айта кетейік, 2013 жылдың қазан айында Минскіде өткен мемлекет басшылары кеңесінде 2014 жыл «Туризм жылы» болып белгіленді.

Соңғы жаңалықтар