Астанадағы дөнер дүңгіршегінде болған өрттен бір адам зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы дөнер дүңгіршегінде болған өрттен бір адам зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«23 қараша күні сағат 17.47-де Манас көшесі 5 мекен-жайында болған өрт туралы ақпарат келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер барған кезде 40 шаршы метрлік аумақты алып жатқан дөнер дүңгіршегі газ баллонының атылуынан отқа оранған. Дөнер дүңгіршегі толықтай өртенген. Сол маңнан өтіп бара жатқан 1977 жылғы ер адам зардап шеккен, ол ауруханаға жеткізілді», - делінген ТЖД хабарламасында. Өрт сағат 18.22-де жойылды. Өрт сөндірушілер өрттің ары қарай таралуына жол бермеген. Оны сөндіруге үш техника мен 27 құтқарушы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар