Астанадағы дауыл: Әуежайда ұшақ ұшып-қону жолағынан шығып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында «Эйр Астана» әуекомпаниясының Шымкент - Астана бағытындағы ұшағы қонғаннан кейін ұшып-қону жолағынан шығып кеткен. Ұшақ ішінде 106 адам болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін Астана әуежайында «Эйр Астана» әуекомпаниясының Шымкент - Астана бағытындағы KS352 рейсінің тіркеу нөмірі P4-KВВ Airbus-320 ұшағы 13:22-де қонғаннан кейін, ұшып-қону жолағынан шығып кетті. Бортта 97 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болды. Әуе кемесі тұраққа жеткізілді. Қозғалтқышқа зақым келген. Аэродром 13 сағат 30 минуттан 14 сағат 10 минутқа дейінгі аралықта жабылған болатын», - делінген хабарламада.

nullҚазіргі уақытта әуежай штаттық режімде жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетсек, Астанада бүгін қатты дауыл соғып, бұршақ аралас жаңбыр жауды. Осының салдарынан Түркістан көшесіндегі құрылыс алаңындағы кран құлап, Бейбітшілік және келісім сарайы ғимаратының әйнектері сынды, Арнасай көшесіндегі 127-тұрғын үйдің, № 24 орта мектептің, Үркер шағын ауданындағы №91 балабақша шатыры ұшып кетті. Сонымен қатар, 13 адам жедел жәрдем қызметін шақыртқан.

Соңғы жаңалықтар