Астанадағы боран: Бір түнде 27 мың текше метр қар шығарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елорда көшелерін қардан тазарту жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні 1053 техника мен 211 жұмысшы қала көшелерін қардан тазартты. Бұл түні 27 485 текше метр қар шығарылды, ол үшін 2 290 рейс жасалды», - деп хабарлады елордалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бүгін 23 қаңтарда қар тазалау жұмыстарына 1 127 техника мен 1700 жол жұмысшысы тартылды. Жалпы осы уақытқа дейін 182 649 рейспен 2 191 788 текше метр қар шығарылған.

Сондай-ақ, 23 қаңтар күні таңғы 8.00-де қалалық төтенше жағдайлар департаментінің Жедел штабы құрылған.

Сағат 15.00-дегі жағдай бойынша: елордалық ТЖД құтқарушылары 27 адамды қар құрсауынан құтқарды, 21 жеңіл автокөлік пен 1 автобус сүйреп шығарылды. Құтқару жұмыстары жалғасуда.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорда көшелерін қардан тазарту үшін қосымша техника алу қажеттігін айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар