Астанадағы бокс кешінде WBC титулы үшін айқас өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 16 желтоқсанда Астанада «Барыс Аренада» кәсіпқой бокс кеші өтеді. Оған қазақстандық және шетелдік боксшылар қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

BoxRec.com мәліметінше, шоудағы жекпе-жектердің бірінде әйелдер титулдық айқасы өтеді. Жеңіліп көрмеген америкалық Росалинда Родригес (13-0, 3 КО) аргентиналық Дебора Ванеса Гомеспен (8-8-2, 1 КО) жұдырықтасады. Жеңіл салмақтағы WBC International белбеуі бәске тігіледі.

Кештің басты оқиғасы – «Қазақ жауынгері» лақап атымен танымал Елшат Нығметолла (17-0-1, 5 КО) филиппиндік Ренц Розиамен (17-9-1, 9 КО) жеңіл салмақтағы WBC International Silver бос тұрған титулы үшін күш сынасады.


Соңғы жаңалықтар