Астанадағы бокс кеші: Нұрсұлтан Жаңабаев уәдесінде тұрды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы бокс кешінде Нұрсұлтан Жаңабаев (2-0, 1КО) бразилиялық Алекс Дуартені (12-1-1, 9 КО) нокаутпен жеңді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші раундта Нұрсұлтан Жаңабаев өз қарсыласымен көп аңдысқан жоқ. Бірден ашық шабуылға көшіп, ауыр соққыларын жаудырды. Оның бұл тактикасы өз нәтижесін берді. Оң қолымен өткізген джебі қарсыласын сәл есеңгіретсе, сол қолымен ұрған соққысы нокаутқа түсірді. Алекс Дуарте тұрды. Алайда төреші жекпе-жекті тоқтатуға шешім қабылдады.

Бұған дейін Нұрсұлтан Жаңабаев кәсіби бокстағы екі жекпе-жегін Қытай жерінде өткізді. Осы жолы туған жеріндегі алғашқы кездесуін сәтті аяқтап, күні кеше қарсыласына айтқан сөзін орындап отыр.

«Шынымды айтсам, бірінші раундта нокаут болады деп ойлаған жоқпын. Бірақ бірінші раундтан шыға салып, қазақтың кім екенін көрсетіп, шекесіне бір-екі жақсы соққы жасау ойда болды, негізі. Өзім Қанат ағаның жанында жаттықтым. Соның арқасында жеңіске жеттім деп ойлаймын», - дейді Нұрсұлтан Жаңабаев.

Айта кетейік, кешегі салмақ өлшеу рәсімі кезінде Димаш Ниязов өз қарсыласымен төбелесіп қала жаздады. Эдуардо Перейра көз арбасып тұрғанда ілігісе кетті. Бірақ Димаш өзінің сыпайы мінезінен айныған жоқ .

Бразилиялықтың осы бір әрекетіне намыстанған Нұрсұлтан Жаңабаев салмақ өлшеуге шыққанда өз қарсыласына: «Көр де тұр, ертең сенің белбеуіңді алып қоямын!», - деп айқай салды.

Бүгінгі бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам (24-0, 19КО) канадалық Брэндон Кукке (18-0, 11КО) қарсы шығады. Олар бірінші орта салмақтағы WBA Inter-Continental және WBO-NABO нұсқасының чемпиондық атақтарын сарапқа салатын болады.

Бокс кешін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр. 20:00-ге «Qazaqstan» ұлттық арнасы да тікелей эфирге шығады. Бұдан бөлек, Fite.tv интернет арнасы, сондай-ақ TVtibi мен Flipps арқылы тікелей репортаждар жүргізіледі.

Алғашқы жекпе-жекте қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов бір минуттың ішінде өз қарсыласын нокаутпен жеңді .

Ал «Нью-Йорктың үздік полицейі» Димаш Ниязов елірген қарсыласынсабасына түсірді .

Қазақтың жас нокаутеры Айдос Ербосынұлы да кезекті жеңісіне жетті.

Ал Әли Аxмедов өз қарсыласын теxникалық нокаутпен жеңді.

Соңғы жаңалықтар