Астанадағы бокс кеші: Ержан Залилов қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап өткізіліп жатқан кәсіпқой бокс кешінде Ержан Залилов қарсыласын ауыр нокаутқа жіберіп, KFPB титулының иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы жергілікті боксшылар Ержан Залилов пен Ескендір Харсан 55,3 келі салмақ дәрежесі бойынша Қазақстан чемпионы атағына жол ашатын KFPB титулының иесін анықтады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл форматтағы жекпе-жек араға 20 салып алғаш рет өтіп отыр.

Кездесудің екінші раундында Ержан Залилов қазақстандық қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі бокс кеші «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Отандасымыз бұған дейін кездесу өткізіп 16 кездесу өткізіп, оның алтауын нокаутпен аяқтаса, оның қарсыласы 15 жеңісінің төртеуін нокаутпен тәмамдап, бір жекпе-жегін сәтсіз аяқтаған.

Соңғы жаңалықтар