Астанадағы бокс кеші: былғары қолғап шеберлері көз арбасты

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде 16 желтоқсан күні өтетін кәсіпқой бокс кешінің баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясының негізін қалаушы, танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам және компания директоры Қайрат Жайлаубаев ертеңгі бокс кеші туралы қысқаша таныстырып, баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Баспасөз мәслихаты аяқталғаннан кейін бокс кешінде өнер көрсететін боксшылар салмақ өлшеуден өтіп, көз арбасты.null 

Айта кетейік, Бокс кеші «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтеді.

Бокс кешінде жұдырықтасатын боксшылар төмендегідей:

Айдар Шарыбаев (Қазақстан) - Айвазиди Артем (Украина)

Асхат Уалиханов (Қазақстан) - Юров Ярослав (Украина)

Абылайхан Құсайынов (Қазақстан) - Мороз Максим (Украина)

Руслан Мырсатаев (Қазақстан) - Довбищенко Костянтин (Украина)

Елшат Нығыметоллаұлы (Қытай) - Фарид Алиев (Әзербайжан)

null null null 

Соңғы жаңалықтар