Астанадағы бес қыздың өлімі: Өрт сөндірушілерді көршілер шақырған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 ақпаннан 4 ақпанға қараған түні 02 сағат 34 минутта «101» Орталық өрт байланыс пунктіне «Көктал» тұрғын алабы, Шыңғыстау көшесі, 5 мекенжайында орналасқан шаруашылық құрылысы жанып жатыр деген қоңырау шалынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарлама көршілерден келіп түскен. Өрт сөндіру қызметінің кезекші бөлімшелері келген бойда 7 минуттан соң жеке тұрғын үйдің аумағында 30 шаршы метрді құрайтын жеке тұрған уақытша тұрғын үй құрылысының өртенгені анықталды.

Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген 5 қыздың денесі табылды. Өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнында Өрт-сынақ зертханасы жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 15 адам және 4 техника жұмылдырылды.

Жылыту маусымы аясында Департаменттің инженерлік-инспекторлық құрамы аталған мекенжай бойынша тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздік қағидаларын түсіндірумен және профилактикалық жаднамалар таратумен рейдтік шараларын жүргізді.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын жазатайым жағдайларды болдырмау үшін абай және сақ болуды сұрайды.

«Ақауы бар немесе қолдан жасалған электр жабдықтарын пайдаланбаңыз, қосулы тұрған электр жабдықтарын қараусыз қалдырмаңыз;

Жыл бойы кемінде үш айда бір рет, сондай-ақ жылыту маусымы алдында пеш пен мұржаны күйеден тазалаңыз;

Жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз, жас балаларға жанып жатқан пешті қарауды тапсырмаңыз;

Үй ауласындағы аумақтарды таза ұстау, қоқыстар мен қалдықтарды жақпау, ыстық көмір мен күлді құрылысқа жақын төкпеңіз;

Заттарды, киімдерді пешке жақын кептірмеңіз;

Балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыз», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар