Астанадағы бас шыршаның шамдары жағылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 19 желтоқсанда елордадағы EXPO көрме кешенінің алаңында еліміздің бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті елордамыздың тұрғындары мен қонақтары! Жаңа жыл қарсаңында сіздерге мерекелік көңіл күй, қуаныш, отбасыларыңызға зор денсаулық тілеймін! Астанамыз дамып, өркендей берсін! Алдағы жыл қала үшін берекелі болсын! Бүгін жаңа жыл мерекесін бастағалы отырмыз. Мұндай іс-шаралар әлі де көп болады. Қаламыздың барлық ауданында мұзайдындар мен сырғанақтар жасалып жатыр, онда әрбір адам бос уақытын көңілді өткізе алады», - деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек салтанатты шарада.


Іс-шара Astana Muz Fest ауқымды қысқы фестиваль аясында өткізілді. Шырша шамдарын жағу рәсімі алдында елорда тұрғындары мен қонақтарына «Ғажайыптар түні» ертегі мұз-шоуы көрсетілді.

Шыршаның биіктігі – 25 метр. Ол жүздеген шамшырақпен безендірілген, атап айтқанда 750 метр гирлянд, 360 жарықшам және 900-ден астам шырша шары қолданылды.


Фото: gov.kz


Соңғы жаңалықтар