+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Астанадағы балабақшалар 100 пайыз бейнекамерамен қамтамасыз етілген

2021 жылғы 13 шілде 19:11
Бөлісіңіз:
Астанадағы балабақшалар 100 пайыз бейнекамерамен қамтамасыз етілген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың мектепке дейінгі білім беру ұйымдары 100 пайызға заманауи бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Шәкәрім Сейсенбай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада қылмыстық істердің 70% астамы электронды форматта қаралып жатыр Мемлекеттік қызметтер уақыты 5 минутқа дейін қысқартылады - Бағдат Мусин 2022 жылдан бастап 1 сынып оқушыларына «Цифрлық сауаттылық» пәні енгізіледі

«2020 жылғы 17 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес балабақшалар әр топта 15 баладан аспайтын толтырумен «кезекші топтар» режимінде жұмыс істей бастады. Оның ішінде 23 448 балаға арналған мемлекеттік балабақшада және 1 672 бала үшін жеке меншік балабақша да кезекші топ ашылды. Ондағы басты мәселенің бірі – балалардың қауіпсіздігі. Осы орайда балабақшамен қатар оның ауласында бейнебақылау камералары орнатылды», - деді Ш. Сейсенбай Нұр-Сұлтан қалалық Мәслихатының жалпы отырысында.

Білім басқармасының сөзіне қарағанда, бүгінде бас қала балабақшалары түгелдей дерлік бейнебақылау камерларымен қамтамасыз етілген.

«Балабақшаларды бейнебақылаумен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 215 млн 650 мың теңге қаржы жұмсалды. Өткен жылы қаладағы әрбір балабақшаға 24 бейне бақылаудан барлығы 4 752 камера орнатылды. Осылайша, барлық білім беру ұйымдары 100% цифрлық бейнебақылаумен қамтамасыз етілді», - дейді ол.

Бұған дейін қалалық білім басқармасының басшысы көру және сөйлеу қабілетінен айрылған балаларға арналған балабақша ашылғанын мәлім етті.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының жалпы отырысында биыл 1 қыркүйектен бастап елорда балабақшаларында ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілетіні айтылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT