Астанадағы азық-түлік жәрмеңкелері 28 қазанға дейін апта сайын өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы демалыста Алматы және Қостанай облыстары елордадағы жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынды. Онда қала тұрғындары азық-түлікті төмен бағамен сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі жәрмеңкеде барлығы 380 тонна (Қостанай облысы) және 330 тонна (Алматы облысы) көлемінде 100-ден астам өнім түрі ұсынылды.

«Мұндай жәрмеңкелерге әр демалыс күндері қатысуға тырысамын, өйткені еліміздің әр өңірінен шыққан өнімдер әр түрлі. Мұнда баға айтарлықтай төмен. Таңдау үлкен: етінен кәмпитке дейін. Бүгін көкөніс, алма сатып аламын - себебі Алматы аймағы олармен танымал», - дейді елорда тұрғыны Назгүл Байтұрсынова.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері 28 қазанға дейін әр демалыс күндері өтеді («Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңда).

14-15 қыркүйек: Павлодар облысы

21-22 қыркүйек: Ақтөбе және Қызылорда облыстары

28-29 қыркүйек: ШҚО және Атырау облысы

5-6 қазан: Қарағанды облысы

12-13 қазан: Павлодар облысы

19-20 қазан: СҚО

26-27 қазан: Ақмола облысы




Соңғы жаңалықтар