Астанадағы автобус жолақтары ЭКСПО-дан кейін алынып тасталуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Астана жолдарына жаңадан сызылып жатқан автобус жолақтарының кейбірі ЭКСПО-2017 көрмесінен кейін алынып тасталуы мүмкін, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еске сала кетсек, маусым айында Астананың тағы 13 көшесіне «BUS Line» жолақтары сызылады. Мұндай жолақтар 2015 жылы - 6 көшеде, ал өткен жылы 5 көшеде пайда болған еді.

«Әрине, наразылық білдірген қала тұрғындары көп, бірақ қаламызда 400-450 мыңға жуық автокөліктің бар екенін, оның қала қозғалысына ауырлық тудыратынын ескерген жөн», - деді қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Берік Игенбердинов Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, мекеме басшысы жазғы уақытта Астанаға 3 миллионға жуық турист келетінін еске салып, ЭКСПО қонақтарына сапалы тасымалдауды  ұйымдастыру қажеттігін еске салды.

«Қала тұрғындарына айтарымыз, тамыз айында «Bus Lіne» енгізілген әрбір аумаққа талдау жасалады және көрме аяқталған соң олардың кейбірі қолданыстан алынуы мүмкін», - деп толықтырды Б.Игенбердиев.

Соңғы жаңалықтар