Астанадағы автобус паркі жұмысшыларына еңбекақы төлемей келген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы прокуратурасы № 2 автобус паркіндегі 100-ден астам жұмысшының еңбек құқығын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқоңыр ауданы прокуратурасы тұрғындармен кездесу барысында еңбекақы бойынша ірі сомада қарыз бар екендігі анықталды.

Белгілі болғандай, құрылыспен айналысатын кәсіпорын иесі еңбек шарттарын жасамай, ұзақ уақыт бойы 54 жұмысшының жалақысын бермей келген. Прокуратура талабы бойынша аталған адамдармен тиісті шарттар жасалып, 3,5 млн теңге сомасында еңбекақы қарызы төленді.

«Осыдай факті «№2 автобус паркі» ЖШС-да анықталды. Бұл тұрғыда тиісті шаралардың арқасында 128 жұмысшының еңбек құқығы қалпына келтіріліп, оларға 12 млн теңге көлеміндегі жалақысы төленді. Осы іс бойынша кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген Астана прокуратурасының мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар