+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Астанадағы ауруханада шала туған нәрестелерге арналған Катамнез бөлімшесі ашылды

2019 жылғы 4 ақпан 15:53
Бөлісіңіз:
Астанадағы ауруханада шала туған нәрестелерге арналған Катамнез бөлімшесі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы ЭКСПО ғимаратына іргелес №2 көпбейінді қалалық ауруханада шала туған балаларды күтіп, емдеуге арналған Катамнез бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер бала он екі мүшесі сау болып туса, педиаторлардың тексеруімен нәресте қалыпты жағдайда жетіле береді. Ал егер нәресте шала туса, яғни мәселен 40-шы аптада, 28-ші, 30, 35 немесе 36-шы аптада туатын болса, онда оған ерекше ем мен күтім керек. Мерзімінен бұрын, салмағы аз болып туған балалар әртүрлі патологиямен өмірге келеді. Ал кейбір балалар дүние есігін сау қалыпта ашса да, оның неврологиялық немесе артопедиялық патологиясы болуы ықтимал. Сал ауруымен туатын балалардың болатынын білесіз. Ондай санаттағы балаларды анасымен бірге ауруханалар алғысы келмейді. Себебі, 1 жасқа дейінгі баланы балалар ауруханасы қабылдамайды. Шала туған балалардың аналары осындай мәселеге тап болады», - дейді №2 көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігері Иван Ли.

Оның айтуынша, шала туған балалардың медицина тілінде «катамнесі» бар нәрестелер деп атайды. Катамнес сөзі - ерекше күтімді талап ететін балалар.

Иван Лидің айтуынша, мұндай санатта Астанада жыл сайын 1500 бала өмірге келеді екен.

«Міне, осы себепті №2 көпбейінді қалалық аурухананың акушерлік блогы аталмыш мәселені терең зерттей отырып, реабилитологтардың арнайы әдістемесі бойынша педиаторларды даярлап, бұл мәселе басқа елдерде қалай шешіліп жатқанын зерделеді. Әсіресе, бұл шаруа көршілес Ресейде біршама жолға қойылған. Мәскеу мен Санкт-Петербург қаласындағы мамандандырылған орталықтар баршылық. Біз өз мамандарымызды өткен жылы сол қалаларға жолдап, қызметкерлеріміз белгілі бір даярлықтан өткеннен кейін шала туған балаларды емдеуге арналған толыққанды бөлімше аштық», - дейді Иван Ли.

№2 көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігері аталмыш бөлімшеде шала туған балаларды тегін емдеп, олардың анасын оқытатын болады.

«Осы бөлімше - Катамнес бөлімшесі деп аталады. Ол бірегей. Себебі, еліміздің басқа жерінде мұндай стационарлық бөлімше жоқ. Жоспарымыз баршылық. Ребилтологтардың негізгі шоғыры жастардан тұрады», - дейді ол.

Бөлім бір жылда шамамен 260 баланы күтім-емдеуге қауқарлы. Жаңа бөлімшеде нәрестелерді войта-терапия, бобат-терапия, аппаратты физиотерапия, ЛФК және әртүрлі массаж түрлерімен емдейтін болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT