Астанадағы әуежайдың бас есепшісі 16 млн теңге парамен ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанадағы әуежайдың бас есепшісінің заңсыз қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюросына сілтеме жасап.

«Елордадағы әуежайдың бас есепшісі Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің лауазымды тұлғаларына 16 млн теңге сомасындағы пара беруде күдікті деп танылды. Сондай-ақ, күдікті акционерлік қоғамның 1,3 млрд теңгеден астам ақша қаражатын іс жүзінде жоқ шарттар мен жұмыстар бойынша жалған шот-фактураларды шығарумен айналысатын 23 фирманың есеп айырысу шоттарына аудару арқылы жымқырды деп айыпталды. Келтірілген залалды аудиторлық тексеру тұжырымы растады», - делінген Ұлттық бюро хабарламасында.

Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының елордалық департаменті аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Сот санкциясы бойынша күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Соңғы жаңалықтар