Астанадағы ауа-райының жайсыздығы: Барлық автобустар кідіріссіз жүре береді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана LRT» компаниясында қоғамдық көліктердің қозғалысы кідіріссіз жалғаса беретіні айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық автобус бағдарлары қалыпты режімде жүріп жатыр, кідіріс жоқ. Кеше автобустардың сынып немесе тоқтап қалу ықтималдылығына байланысты кідірістер болған», - деп хабарлады компанияның баспасөз хатшысы Науат Азанбаева.

Сонымен бірге, ол қалалық маршруттардың бірінің қозғалысында өзгеріс бар екенін ескертіп өтті.

«21 автобус жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалысын өзгертті. Аталмыш автобус Панфилов көшесімен жүрмейтін болды», - дейді Науат Азанбаева.

Айта кетсек, кеше қаттың нөсердің салдарынан бірнеше көшеде кептеліс туындаған болатын. Осының салдарынан бірнеше бағдарға өзгеріс енгізілген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар